Желі қолданушылары әжейге қолдау білдіріп, сүйікті әншісімен кездесуін тіледі.
"Маған тек қана Қайрат Нұртас керек": әншінің 70 жастағы жанкүйері жылап қалды (видео)
Фото: видеодан кадр
996
оқылды

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың 70 жастағы көрерменінің видеосы жарияланды, – деп жазы Aikyn.kz.

Бейнежазбаны түсірген әженің қызы анасының 70 жас мерейтойына Қайрат Нұртасты шақырамын деп уәде бергенін, алайда отбасылық жағдайға байланысты бұл тілегін орындай алмағанын айтады. Мұны естіген әженің көңіл күйі болмай, көзіне жас алған.

"Алла қаласа 75 жасыңызға шақырамыз. Оған дейін басқа Қайраттар да шығатын шығар", - дейді қызы әжейге.

Алайда әже Қайрат Нұртастың әндерін сүйіп тыңдайтынын айтты.

"Маған тек Қайрат Нұртас керек. Әлі тыңдаймын оны. Өзгермейді. Қайрат жақсы бала. Кез келген әнші халықтың жүрегіне кіре алмайды. 70-тегі менің жүрегіме кіріп тұр ғой", - дейді әже видеода.

Желі қолданушылары әжейге қолдау білдіріп, сүйікті әншісімен кездесуін тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.