Атырауда мектептер мен колледждер онлайн форматқа көшті

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 15 желтоқсан күні Атырау облысы бойынша қала, аудан, ауыл мектептері мен колледждер онлайн форматта оқиды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау облысында мектептер мен колледждер онлайн форматқа көшеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 15 желтоқсан күні Атырау облысы бойынша қала, аудан, ауыл мектептері мен колледждер онлайн форматта оқиды. Бұл туралы Атырау облысы әкімі Серік Шапкеновтің тапсырмасымен Жедел штаб  отырысында шешім қабылданды. 

Оқу процесі қашықтан ұйымдастырылып, барлық сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.

Баян Жанұзақова