Ол азаматтық некедегі жұбайына және екі ер адамға қарсы қызғаныш негізінде қылмыс жасаған.
Петропавлда қызғаныштан үш адамды тірідей өртеген ер адам 25 жылға сотталды
214
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Полтавка ауылында болған қайғылы оқиға бойынша 50 жастағы ауыл тұрғынына қатысты үкім шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алқабилердің қатысуымен өткен сот процесінің қорытындысы бойынша, сотталушы үш адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол азаматтық некедегі жұбайына және екі ер адамға қарсы қызғаныш негізінде қылмыс жасаған.

Сот материалдарына сәйкес, ер адам алкогольдік мас күйде үйдің есігін сыртынан байлап, от қойған. Үйдің ішінде болған үш адам оқиға орнында көз жұмған. Ал үйдегі кішкентай қызды көрші ауыл тұрғыны аман алып шыққан.

Сот қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстың аса ауыр екенін, қоғамға төнген қауіп деңгейін ескере отырып, сотталушыны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесіне қамауға үкім шығарды. Сонымен қатар оған міндетті түрде алкоголизмнен ем қабылдау шарасы тағайындалды.