Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.
Биатлоннан әлем кубогі кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті?
Фото: ҚР ҰОК
211
оқылды

Австрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан әлем кубогінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.

ҚР ҰОК мәліметінше, Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған қазақстандық құрама мәреге 19-шы жетті.

Эстафетада жеңісті Норвегия құрамасы иеленді. Франция екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.