Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында не үшін бұл қадамға барып жатқанын түсіндірді.
Назым Қызайбай сыйға алған көліктерін неге сатып жатыр?
Фото: gov.kz
222
оқылды

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 2024 жылғы Олимпиададан кейін бірнеше көлік алған болатын. Бір жыл бұрын көліктерін сатқан боксшы енді қалған тағы бір темір тұлпарын сатылымға шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында не үшін бұл қадамға барып жатқанын түсіндірді.

«2025 жылға қойған жоспарларым көп болды, шүкір, соның бәріне жеттім. Бірақ мен үшін ерекше маңызды үш үлкен мақсат бар еді. Біріншісі — үш дүркін әлем чемпионы атану. Екіншісі — ата-анама үлкен үй сыйлау. Үшіншісі — өзімнің бокс залымды ашу. Осы мақсаттардың екеуі орындалды. Үш дүркін әлем чемпионы болдым. Оған қоса осы жылы екі әлем чемпионаты болғандықтан, өз рекордымды жаңартқым келді, бірақ екіншісінде күміс алдым. Осылайша әлем чемпионатында толық комплект болды. Отбасыма үлкен үй де алдым, бәрі мәз…Өзімді мақтап қояйын. Жыл аяқталуға жақын, сондықтан үшінші арманымды да биыл жүзеге асырғым келеді. Қазір шағын ғимаратты қарастырып қойдым, ұнап та тұр. соған байланысты бір хабарландырумен бөліскім келеді. Өзімнің әдемі көлігімді сатамын. Бұл көлік маған Олимпиададан кейін сыйға берілген, бір жылдан аса уақыт міндім, жағдайы жақсы. Көлікті жақсы көремін, бірақ арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын. Қызығушылық танытқандар жекеге шықсаңыздар болады», - деп жазды спортшы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.