«AMANAT» партиясының БҚО филиалы 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жолында еңбек етіп жатыр.
Айқын мақсат, белгілі меже
116
оқылды

Осы жылдың қорытындысы бойынша көңіл қуантар нәтиже көп. Әсіресе, «Жер аманаты»  мен «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындары тарапынан кең қолдау тауып отыр.

БҚО бойынша партия бас­тамасымен тек биылдың өзінде 120 280 гектар жер мемлекет мен­шігіне қайтарылып, оның 38 мың гектары кері пайдалануға беріліп отыр. Ауылдағы ағайын үшін жер мәселесі қашанда өзекті. Жайы­лым жер үшін талай дауды бастан да кешіріп отыр. Осы жер дауымен облыстық партия табалдырығын тоздыра­тындар аз емес. Бірі жайылым жер сұраса, екіншісі егістік үшін жер сұрайды. Жерді бәлен гек­тарлап алып алған қожалықтар ауыл халқының малын жайғыз­байтын кездер де жиі кездеседі. Осындай қиын­дықпен бетпе-бет келген ағайын­ның бәрі облыстық партияның қабылдау бөліміне жазылады. 

– Жер мәселесі күн тәр­ті­бінен түскен емес. Партияның қабылдау бөліміне осы сұрақпен келетін адам санына қарап біз осыны айта аламыз. Қазір біз аудан әкімдері мен ауыл әкімдері арқылы ауылдық жердегі пайда­ланылмай жатқан жер телімдерін қайтару мәселесімен айналысып жатыр­мыз. Сот процестері де бар жүріп жатқан. Ауылдық жерде отырып кәсіп бастаған жас аза­маттар қабылдауға келеді.  Бос жатқан жер көп, бізге берілмейді деп шағымданады. Ал заң жүзін­де ол жер бір қожалыққа тиесілі. Осындай мысал көп. Ол қожа­лық­тан жерді алу, оны кері мем­лекет меншігіне қайтару жұмыс­тарын партия үздіксіз атқарып келеді, – дейді облыстық партия­ның атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев. 

Партияның тағы бір сәтті жобасы бұл – Ауыл аманаты жобасы. Осы жобаның арқасын­да өңірде жұмыссыздық деңгейі азайып, кәсіпке бет бұрғандар саны артты. 

БҚО-да «Ауыл аманаты» жобасы  басталғалы 14,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 1 391 микрокредит берілген. Төмендетілген несиенің қызы­ғын негізінен ауылдағы ағайын көріп отыр. Осының нәтижесінде  1 138 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал 2025 жылы 5,5 млрд теңге қар­жы бөлініп, 816,6 млн теңгеге 74 несие берілген. Биыл  134 жаңа жұ­мыс орны ашылған. 

Партияның алға қойған мақ­саты айқын. Сондықтан да әр күн, әр жоспар тыңғылықты қа­ра­лады. Ол туралы бізге облыс­тық филиалдың атқарушы хат­шысы Азамат Сафималиев былай дейді.

«AMANAT» халықтық партия болған соң ел тағдыры үшін жау­апкершілік жүгін арқалап, өзінің құрылған күнінен бастап адам­ның, қоғамның және мемлекет­тің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды рефор­маларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Осы тұрғыдан «AMANAT» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаға ұйытқы болып, ортақ мүдде жол­ында күш біріктіріп, елдің көр­кейіп гүлденуіне үлес қосып кел­еді. Қоғамға пайдалы көпте­ген бастама мен тындырымды істің басы-қасында болып келе­міз. Кент және елді мекен тұр­ғын­дарымен жүйелі түрде кез­де­сіп, ұдайы қоғамдық қабылдау ұйым­дастырып отыра­мыз. Әсі­ре­се, қарапайым халықпен жеке қабыл­дау өткізіп, келелі мәселе­лерді кеңінен қозғап, шешу жол­дарын қарастырамыз. Мұнда партия халықты ашық форматта қабыл­дайды және бірінші кезек­те тұр­ғындардың өтініші мен құқық­тары басты назарға алына­ды, – деді ол.

Бас партияның БҚО-дағы фи­лиалы 2023 жылдан бері сай­лауалды бағдарламаны жүзеге асыру аясында келесідей нәти­же­лерге қол жеткізген. 

Атап айтсақ, облысқа инвес­торлар көптеп тартылып, нәти­жесінде 41 инвестициялық жоба іске қосылып, 1 473 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Тек БҚО-ның өзінде  25 мектеп, 78 мек­теп­ке дейінгі ұйым, 50 медици­на­лық ұйым ашылды. 

Дегенмен алда әлі де талай атқарылуы тиіс жұмыс бар. Оны атқару үшін бюджеттен қаражат қажет дейді мамандар. 

Атап айтсақ, алда шешілмей тұрған экологиялық пробле­ма­лар, облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыру, кіріс көзін есе­леу, медициналық қызметтің сапасын көтеру мәселері бойын­ша әлі де түсетін арыз шағымдар бар. Партия жееткшілігі алдағы уақытта бұл жұмыстарды да ретке келтіретінін жеткізіп отыр.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы