Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның ресурс әлеуетін Жапонияның атом энергетикасы саласындағы үздік технологияларымен ұштастыру тың мүмкіндіктерге жол ашады»
209
оқылды

Мемлекет басшысы:

«Ядролық энергетиканың «жасыл» экономика күн тәртібіндегі мәні зор.

Әлемдегі ядролық отынның шамамен 40 пайызын Қазақстан қамтамасыз етеді. Дүниежүзіндегі электр энергиясының 10 пайызға жуығын атом электр стансалары өндіретінін ескерсек, бұл өте маңызды.

Қазақстанның ресурс әлеуетін Жапонияның атом энергетикасы саласындағы үздік технологияларымен ұштастыру осы стратегиялық саладағы тың мүмкіндіктерге, соның ішінде инновацияларды енгізуге жол ашады.

Әсіресе, ядролық қалдықтарды басқару, ядролық қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс салаларына жоғары санатты маман даярлау бағытындағы жобалар қызығушылық тудырады»,-деді.