Ол Букреев шыңынан Pioneer тау-шаңғы курортына қарай қайтып келе жатқанын хабарлаған.
Алматы тауларында жоғалған бойжеткеннің мәйіті табылды
359
оқылды

Алматы маңындағы тауларда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Марқұм Тамерис 19 желтоқсан күні шамамен сағат 16:00-де әпкесімен соңғы рет байланысқа шыққан. Ол Букреев шыңынан Pioneer тау-шаңғы курортына қарай қайтып келе жатқанын хабарлаған.

Жоғалған күні бойжеткеннің үстінде тауға арналған аяқкиім, қара түсті қысқы комбинезон және дулыға болған. Сондай-ақ ол сноуборд алып жүрген. Туыстарының айтуынша, Тамерис бұл бағытпен бұған дейін де бірнеше рет жүрген екен.

Pioneer курорты маңындағы бейнебақылау камералары оның таңғы  сағат 6:30-да жолға шыққанын тіркеген. Алайда қайтып оралған сәті бейнежазбаларда тіркелмеген.

20 желтоқсан күні Pioneer тау-шаңғы курорты өзінің Instagram парақшасында қайғылы жаңалықты растады:

“Бүгін құтқару қызметі Букреев шыңы маңында бір күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйітін тапты. Түпкілікті сәйкестендіру тиісті сараптамалар аяқталғаннан кейін жүргізіледі,” – делінген ресми хабарламада.