Имран Хан бұл айыптауларды саяси астары бар деп жоққа шығарған
Пәкістан экс-премьері мен жұбайы 17 жылға бас бостандығынан айырылды
179
оқылды

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан және оның жұбайы Бушра Биби сыбайлас жемқорлық ісі бойынша әрқайсысы 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот шешімі «Тошахана» ісіне байланысты шығарылды. Тергеу дерегінше, Имран Хан Сауд Арабиясының тақ мұрагері сыйға тартқан зергерлік бұйымды нақты бағасынан әлдеқайда арзанға сатып алған. Сот оларды түрме жазасымен қатар 16,4 млн рупий айыппұл төлеуге міндеттеді.

Үкім Равалпиндидегі Адиала түрмесінде өткен сот отырысында жарияланды. Имран Хан бұл айыптауларды саяси астары бар деп жоққа шығарған.