Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы жайлы түрлі мәліметтер таралуда.
Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты
399
оқылды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі делінген Айман Талғатқызы есімді келіншек желіде өзінің қай рудан екенін айтты, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. Ол бұл туралы желідегі парақшасында оқырмандарының сауалына жауап берді.

«Руымды сұрағандарға»,  –  деп жазған ол «Найман» атты әнмен жауап берді. 

Оқырмандары болса, «Оо, рулас», «Енді түсінікті», «Найман ба деп ойлағанмын, дәл түсіппін», «Сырттан тон пішіп нелерің бар?», –   деп пікір қалдырды. 

Бұған дейін танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы жайлы түрлі мәліметтер таралды. Инсайдерлердің айтуынша, ол 1997 жылғы, Қызылорда облысындағы Бесарық ауылының тумасы. Екеуінің ұлы бар. Қазір Астанада жеке пәтерде тұрып жатыр.

Дегенмен продюсер, әнші Мөлдір Мұқан НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сұхбат беріп, Тұрсынбек екеуінің арасындағы жағдайды айтқан болатын. Оның үстіне, Мөлдір Мұқанова заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар тізіміне қосылды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің  мәліметінше, Мөлдір Мұқанова (Instagram парақшасы — Moldir.mt, 2,3 миллионнан астам жазылушысы бар) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы  6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сөйтіп, осы жылдың қазан айында ол 589 800 теңге (150 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл төлеген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Show-бизнестегі ең қызықты жаңалықтар (@zhuldyzdy_news)