Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді.
18 жастағы Шерхан Қалмырза жаңа клубтан шақырту алды
254
оқылды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға «Тараз» клубы қызығушылық танытып жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы», – деп жазды Дидар Сыдықбек өзінің Telegram арнасында.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза «Реал Мадрид» клубына қарсы алаңға шыққан болатын. Ойын барысында қақпаға 5 гол өткізгеніне қарамастан, жанкүйерлердің көзайымына айналды.