Бұл мәселеге байланысты Көксу аудандық білім бөлімі пікір білдіріп, арыз түскенін растады.
"Уақытша шеттетілді": мұғалімдер шағымынан кейін мектеп директоры жұмысынан босатылды
www.istockphoto.com
5,887
оқылды

Жетісу облысында мұғалімдер шағымынан кейін мектеп директоры жұмысынан босатылды. Ол лудоман күдігіне ілінді,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Аймақтағы әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Көксу ауданындағы Қызылтоған ауылында мектеп директоры мұғалімдерден қарызға ақша алып, оған букмекерлік кеңселерде бәс тігіп ойнағаны жазылды.

Мәлімет бойынша, тоғыз мұғалім ресми түрде арыз жазған. Келтірілген материалдық шығын көлемі  шамамен 9 миллион теңге. Зардап шеккен мұғалімдердің айтуынша, арыз жазуға қорқып, үндемей отырған басқа да мұғалімдер бар. Осыған байланысты зардап шеккендердің нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін екендігі айтылған.

Бұл мәселеге байланысты Көксу аудандық білім бөлімі пікір білдіріп, арыз түскенін растады.

Олардың мәліметінше, арыз 2025 жылғы 30 желтоқсанда түскен. Қызылтоған орта мектебінің тоғыз педагогінен аталған білім беру ұйымы  директорының әрекеттеріне байланысты жазылған еді.

"Аталған арыз 2026 жылғы 5 қаңтарда Көксу ауданы бойынша полиция бөліміне жолданды. Қазір осы өтініш бойынша заңнама талаптарына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу әрекеттерінің жүргізілуіне байланысты Көксу ауданы бойынша білім бөлімі тарапынан 2026 жылғы 5 қаңтардағы бұйрықпен мектеп директорының қызметтік міндеттерін уақытша атқаруын шектеу шаралары қолданылды.

Сонымен қатар 2026 жылғы 6 қаңтарда аудан әкімі  орынбасарының, Көксу ауданы бойынша білім бөлімі  басшысының және ауылдық округ әкімінің қатысуымен Қызылтоған орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Аталған мәселе аудан әкімдігі мен білім бөлімінің бақылауында", делінген түсініктемеде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кертаев Айдос (@krisp.tdk)