Алматыда саябақтар жабылады
Алматыда саябақтар жабылады
© Сурет ғаламтордан
447
оқылды
Коронвирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласындағы барлық ұлттық саябақтар уақытша жабылады. Алматылықтардың карантин кезінде Тұңғыш Президент саябағына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, 28 Панфиловшы паркіне, Family Park, Ботаникалық баққа, «Қиял әлемі» саябағына, Алматы зообағына, Алма-арасан және өзге де адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуларын сұраймыз. Еске сала кетсек, бұған бұрын қалалық Әкімдіктің шешімімен Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сондай-ақ, ішкі туризм бойынша экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанғанға дейін уақытша тоқтатылған болатын. Сондай-ақ, Туризм басқармасы коронавирус тіркелген қауіпті категориялы елдерге қатынайтын және сол елдерден бізге келетін турларды уақытша тоқтатуға ұсыныс білдірген болатын. COVID-19 бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында адам көп жиналатын орындардағы сақтық шараларын қатаң қадағалау туралы нұсқаулықтр таратылды.