180-ге жуық отандасымыз елге қайтты
180-ге жуық отандасымыз елге қайтты
© Сурет ғаламтордан
230
оқылды
Грузия мен Ресейден 180-ге жуық қазақстандық азамат елге жеткізілді, деп хабарлайды  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
«Коронавирус пандемиясы тудырған әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандық әуе компаниялар Қазақстан азаматтарын қайтару рейстерін орындауда. Өткен тәулік ішінде азаматтық авиацияның әуе кемелерімен шет елдерде қалған жолаушыларды тасымалдау үшін бірқатар рейстер жасалды. Air Astana авиакомпаниясы Тбилисиден Алматыға 143 жолаушыны, Scat авиакомпаниясы Мәскеу қаласынан (Внуково) 35 жолаушыны, оның ішінде транзитпен келген қазақстандық туристерді елімізге алып келді», - делінген ақпаратта.