“Ереже қатаң сақталып,тәртіп бұзылмауы тиіс"- А.Көлгінов қалаға кіріп-шығуға салынған тыйым туралы
“Ереже қатаң сақталып,тәртіп бұзылмауы тиіс"- А.Көлгінов қалаға кіріп-шығуға салынған тыйым туралы
© Сурет Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтынан
303
оқылды
Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық блокпосттарының жұмысын тексерді. Елордада 6 блокпост орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан. Осы елді-мекендердің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады. Бұл елді-мекендер карантиндік аймақтың шекарасына енгізілді. Қалған тұрғындарға қалаға кіріп-шығуға 22 наурыз сағат 00-ден бастап тыйым салынады.
"Қалада карантин жарияланды. Барлық қабылданған шаралар бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отып. Көптеген адамдар жағдайға түсіністікпен қарайды, бұл қуантарлық жайт. Ереже қатаң сақталып,тәртіп бұзылмауы тиіс Демек, блокпостарда қатаң ережелер бар. "Жасыл дәліз" азық-түлікпен қамтамасыз ететін көліктер үшін ұйымдастырылды. Блокпостарда бақылау аймақтары мен қызмет көрсету пункттері орнатылған, барлық учаскелерде әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері еңбектеніп жатыр. Санитарлық шаралар күшейтілді", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Қалада шұғыл штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған жағдайға әрекеттер алгоритмі дайын. Азаматтарды — үйден қажетсіз шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.