Өзін «Атыраулық хакер» деп таныстырған желі қолданушысы бұл деректі алдағы зерттеудің анонсы ретінде ұсынды.
Жоғалған отбасы ісі: «Атыраулық хакер» шындыққа бір қадам жақындайтын мәлімдеме жасамақ
Коллаж: Aikyn.kz ЖИ арқылы жасаған
3,927
оқылды

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа мәлімет жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өзін «Атыраулық хакер» деп таныстырған желі қолданушысы бұл деректі алдағы зерттеудің анонсы ретінде ұсынды. Оның айтуынша, бұған дейін тараған бейнежазбада отбасы мүшелерінің бірінің банктік картасы Бали аралында тіркелгені жөнінде ақпарат жарияланғаннан кейін, банк қауіпсіздік шарасы ретінде отбасыға тиесілі барлық банк шоттарын бұғаттаған. Соның салдарынан карталар арқылы төлем жасау да, оларды пайдалану да толықтай тоқтатылған.

Сондай-ақ, желі қолданушысы Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары қазіргі таңда тоқтатылғанын алға тартты. Оның сөзінше, бұқаралық ақпарат құралдарында іздестіруді жалғастыру жөнінде жаңа ресми сұраулардың түспегені хабарланған, осыған байланысты іздестіру шаралары да доғарылған.

Осылайша, Наурыз бен Мейрамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ. Ал көпшілікті толғандырған «Наурыз бен Мейрамгүл қайда?» деген сауалдың нақты жауабын, «Атыраулық хакердің» пікірінше, Сұлтан ғана білуі мүмкін.

Айта кетейік, желі қолданушысы бұл ақпаратты жоғалған отбасыға қатысты зерттеу материалының екінші бөліміне жасалған анонс ретінде жариялаған. Аталған зерттеу алдағы уақытта бейнеформатта жарық көреді.