Елордалық полиция басшысы блок-бекеттерде қызмет атқаратын поицейлерге нұсқама өткізді
Елордалық полиция басшысы блок-бекеттерде қызмет атқаратын поицейлерге нұсқама өткізді
© Сурет ІІМ баспасөз қызметінен
209
оқылды
Елордалық Полиция департаментінің алаңында карантиндік іс-шараларға жұмылдырылған волонтерлардың және ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің қатысуымен полицейлердің қызмет орнына үйлестіруі өткізілді. Нұсқама барысында ол кезекші тәулікте қызмет атқаруға түсетін полицейлердің дайындығын бағалады, бұдан басқа жеке құрамға қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, медицина қызметкерлеріне қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар, Департамент басшысы қазіргі уақытта көмектері аса қажет волонтерлардың қызметін атап өтті. Сондай-ақ, полиция басшысы блок-бекеттерді аралады. Олар тәулік бойы жұмыс істеуде. [caption id="attachment_29768" align="alignnone" width="1280"]Елордалық полицейлерге нұсқау жасалды © Сурет ІІМ баспасөз қызметінен[/caption] Жеті блок-бекеттің барлығында қызметкерлер үшін арнайы ыстық тамақ ұйымдастырылды және демалатын орын бөлінді.
[caption id="attachment_29764" align="alignnone" width="1280"]Елордалық полицейлерге нұсқау жасалды © Сурет ІІМ баспасөз қызметінен[/caption] Полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов: «Елордаға карантин енгізілген уақыттан бастап Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды. Қызметкерлердің барлығы ІІМ басшылығы қойған міндеттерді орындауды жалғастырады және қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажеттілікті жасайды» - деп атап өтті.
https://www.youtube.com/watch?v=jBQ0jnSTtKY&feature=emb_logo