Александра Скороходова Италиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті.

Қазақстандық спортшы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атандым, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті.

Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үздік үштікті АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер түйіндеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.