Синоптиктер 2026 жылғы 25 қаңтарда Қазақстанның ірі қалалары мен көптеген өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазгидромет қауіпті аймақтардың тізімін жариялады.
Ірі қалалардағы ауа райы болжамы:
– Алматы мен Қонаевта түнде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
– Шымкентте түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
– Астана мен Ақмола облысында оңтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, жаяу боран соғады.
Өңірлердегі ахуал:
– Жамбыл және Түркістан облыстарында таулы аймақтарда қалың қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
– Жетісу облысында, әсіресе Алакөл маңында жел 28 м/с-қа дейін күшейеді. Таулы жолдарда көктайғақ қаупі жоғары.
– Қарағанды және Ұлытау облыстарында қар жауып, жаяу боран мен тұман күтіледі.
– Қостанай, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында негізгі қауіп – қою тұман. Ақтау мен Маңғыстау облысының солтүстігінде тұманмен қатар көктайғақ болуы мүмкін.
– Абай облысының Жарма ауданында желдің күшеюі болжанып отыр.
Синоптиктер жүргізушілерге жолдардағы көктайғақ пен көрінудің төмендеуіне байланысты аса сақ болуды, мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауды ескертеді.