Әйелдерге арналған зейнеткерлік жасты 2027 жылдың соңына дейін сақтап қалу жоспарланып отыр.
Зейнеткерлік жас: өзгеріс қашан енгізіледі?
523
оқылды

2026 жылы зейнеткерлік жас өзгеріссіз қалады: ерлер үшін — 63 жас, әйелдер үшін — 61 жас.

Қазіргі таңда бұл көрсеткіштерді өзгерту жөнінде ресми шешім қабылданған жоқ. Әйелдерге арналған зейнеткерлік жасты 2027 жылдың соңына дейін сақтап қалу жоспарланып отыр.

Ал 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен арттыру мүмкіндігі қарастырылуда. Жоспарға сәйкес, ол 61,5 жастан басталып, 2031 жылға қарай 63 жасқа дейін жетуі ықтимал. Нәтижесінде ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлік жас теңестірілуі мүмкін.