23 қаңтарда Өскемен гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде қайғылы оқиға тіркелді.
«Өз-өзіне оқ атқан»: Өскемен гарнизонында әскери қызметші жұмбақ жағдайда қайтыс болды
382
оқылды

Қарауыл қызметін атқарып жүрген мерзімді әскери қызметші алған жарақатынан көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұм 2024 жылдың сәуір айында әскери қызметке шақырылған. Оқиға 23 қаңтар күні кешкі уақытта, қарауыл қызметін атқару кезінде болған.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқиға абайсызда болған, қызмет кезінде өз-өзіне оқ атқан деген нұсқаны алға тартты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.