Халық әртісі марқұм Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімова отбасындағы тағы бір қаралы хабарды жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, марқұм Сағидың жары, екі немересінің анасы Селимхан өмірден өткен.
«Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Ансарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. Алла енді жылатпасын… Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын», – деп жазды ол.