Арнаулы кілттің көмегімен құтқарушылар лифт есігін ашып, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Астанада лифтіде қалып қойған бес адам құтқарылды
484
оқылды

Астанада Ш.Айтматов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде лифтіде қалып қойған бес адамға құтқарушылар көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Лифт 7-қабаттың тұсында тоқтап қалған. Арнаулы кілттің көмегімен құтқарушылар лифт есігін ашып, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді: егер лифтіде қалып қойсаңыз, сабыр сақтаңыз, диспетчермен байланысыңыз, барлық түймені қатарынан баспаңыз және есікті өз бетіңізше ашуға әрекет жасамаңыз.