Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады.
Аяз болады: 28 қаңтарға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
1,919
оқылды

Қазгидромет 28 қаңтарда ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман болатыны болжанады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 

Шымкентте жауын-шашын, көктайғақ, тұман болып, кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 28 қаңтарда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүретіні болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 28 қаңтарда көктайғақ болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 28 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты аяз болады: -25...-27 градус.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Өскеменде 28 қаңтарда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. 

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түсіп, шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданындағы соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, ал облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей тұстарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 28 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Көкшетауда да 28 қаңтарда түнде және таңертең тұман болу ықтималдылығы жоғары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.