Тараз қаласының тұрғыны Зүлфия Төленованың үстінен Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол күні кеше уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы осы істі зерттеп жүрген журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде жариялады. Сонымен қатар оның қарауындағы барлық бала мемлекет қарауына өткенін айтты.
«Зүлфияның қарауында болған өзге балалардың тағдыры не болды?» деген сұраққа жауап берейін: қазіргі таңда оның қамқорлығында бірде-бір бала жоқ. Барлығы мемлекеттің қарауына өтті. Қинау, ұрып-соғу деректері бойынша қозғалған бұл іс соңына дейін әділ тергеледі деп сенемін. Ағайын, ұл-қыздарыңызға өте абай болыңыздар!» - деді журналсит.
Айта кетейік, Зүлфия Төленова 17 жылдан кейін құлдықтан шыққан апалы-сіңлі қыздар Назгүл мен Құндызды да қарауына алған болатын.
Оның балаларды ұрып-соққан видеосы таралғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.