Шымкенттегі Cambridge Line оқушылары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық білім сайысында ел намысын абыроймен қорғап, зор жетістікке қол жеткізді.
Халықаралық сайыста жеңімпаз атанды
160
оқылды

21-26 қаңтар аралығында ұйымдастырылған беделді жарыста біздің оқушылар 2 дисциплина бойынша – физика және астрономия және жаратылыстану ғылымдары бағытында бақ сынап, жүлделі III орынды иеленді. Бұл – білімге деген құштарлықтың, үздіксіз еңбектің және жүйелі дайындықтың айқын дәлелі. Халықаралық деңгейде өз білімін дәлелдеу әр оқушы үшін үлкен тәжірибе әрі болашаққа сенімді қадам. 

Жеңімпаздар Қасымбек Ғаламат және Бақытжан Әлмен – 10-сынып, Дәуренбек Рания – 7-сынып оқушылары. Оқушылардың бұл жетістігінде жетекшінің еңбегі ерекше. Пириев Эльшан – кәсіби бағыт-бағдар беріп, шәкірттерінің әлеуетін ашуға зор үлес қосқан жетекші. Бұл жеңіс тек бір команданың емес, бүкіл Cambridge Line қауымдастығының жеңісі саналады. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда көк Туымызды желбірете беретініне сенім мол.

Сымбат БЕГІМБАЙ