Жолды 29 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райы күрт бұзылды: Маңғыстау облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
222
оқылды

ҚазАвтоЖол Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2026 жылғы 28 қаңтар сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 338-632 шақырым аралығындағы учаскесінде (Бейнеу елді мекенінен Шетпе елді мекеніне дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 29 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.