Президент коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды
Президент коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды
© Сурет TokaevKZ парақшасынан
191
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды.
"Коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына бардым. Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады", – деп жазды президент.
    Сондай-ақ, ол Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі халыққа шынайы ақпарат беруде екенін де атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысы коронавирус індетін таралмауы үшін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы карантин режимінің маңызына да тоқталды.