Санкт-Петербург соты Екатерина Биволды ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жазалады

Нәтижесінде, оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты ресейлік әрі қырғыз боксшысы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, сот Екатерина Биволды Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде, оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

Аталған іс 2025 жылғы қазан айында Telegram желісінде жарияланған бейнежазбаға байланысты қозғалған. Материалды Ресей Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері тексерген.

Сараптамалық қорытындыға сәйкес, бейнежазбада қазақ және қырғыз ұлттарының ар-намысына тиетін, қадір-қасиетін кемсітетін сөздер айтылған. Осыған байланысты Екатерина Биволға қатысты «ұлтаралық араздықты жария түрде қоздыру» дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалған.