Астана қаласында қоғамдық көлік аялдамаларының атауларына өзгеріс енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өзгерістер қаладағы бірнеше негізгі көшелер мен даңғылдарды қамтыды. Атауы жаңартылған аялдамалар мен оларда тоқтайтын қоғамдық көлік бағыттары төмендегідей:
Ж.Нәжімеденов көшесіндегі «Сарыкөл көшесі» аялдамасы «Сағадат Нұрмағамбетов көшесі» деп өзгертілді. Бұл аялдамада №№ 14, 50, 66 бағыттағы автобустар тоқтайды;
Тұран даңғылындағы «АЗС» аялдамасы «Кең дала» тұрғын үй кешені атауын алды. Мұнда №№ 26, 40, 42 бағыттары жүреді;
«ҚазмұнайГаз» ҰК аялдамасы «Қабанбай батыр даңғылы» деп аталды. Аялдамада №№ 21, 28, 37, 52, 57, 70 бағыттағы автобустар тоқтайды;
Тұран даңғылындағы «SVOY DOM» аялдамасы «№97 мектеп-гимназиясы» болып өзгертілді. Бұл жерде №№ 26, 27, 40, 42, 501 бағыттары қатынайды;
Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы «Строймарт» гипермаркеті аялдамасы «№63 мектеп-гимназиясы» деп аталды. Аялдамада №№ 5, 5А, 9, 11, 15, 15А, 28, 44, 47, 48, 60, 64, 71 бағыттары тоқтайды;
«Көктал» тұрғын алабындағы «Сұлукөл көшесі» аялдамасының атауы «Көктал» мешіті болып өзгертілді. Бұл аялдамада №32 бағыттағы автобус қатынайды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көлікпен жүру кезінде жаңартылған аялдама атауларын ескеруге кеңес беріледі.