Жартылай финалда ол америкалық теннисші Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.
Теннисші Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирдің финалына шықты
114
оқылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Жартылай финалда ол америкалық теннисші Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.

Теннисшілер кортта 1 сағат 42 минут өткізді.

Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны жеңген болатын. Финалдық кездесу 31 қаңтар күні Қазақстан уақытымен 13:30-да басталады.

Айта кетейік, Australian Open–2026 турнирі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтуде. Турнирдің жалпы жүлде қоры 74,9 миллион АҚШ долларын құрайды. Ал жекелей сынның жеңімпазы 2 793 365 доллар көлемінде сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпай алады.