Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов ұрылтай мен Халық кеңесінің жұмысына тоқталып, оның келешекте халық пен мемлекет арасындағы байланысты күшейте түсетінін айтты. Ол бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында сөз қозғаған болатын, – деп хабарлады Aikyn.kz сайты.
– Преамблуа мәтінінде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен оның мүддесі жайлы арнайы норма қарастырылған. Бұл келер ұрпақтың қуаныш-қызығына, арман-мақсатына тікелей байланысты. Өскелең ұрпақ алдында әрбір азаматтың, қоғам мен мемлекеттің атқарып кетуі тиіс өз жауапкершілігі бар. Ертеңге қалған жүк ұрпаққа ауыртпалық әкелетіні белгілі. Мемлекет дамудың ұзақмерзімді кешенді жоспарын әзірлегенде осы құндылықтардың барлығын қамтуы тиіс.
Болашақ алдындағы жауапкершілік мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі. Бұл қағидат экологиялық саясатты қалыптастыруда, ұлттық байлықты сақтауда, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда басты бағдар болуы қажет. Бұл ұстаным мемлекеттік басқарудың көз алдындағы мүдделерін емес, орның орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Бұл норманы бекіту жай декларативті ұстану емес, мемлекеттің нақты стратегиялық бағытын анықтайтын қағида болуы тиіс», - деді ол.
Оның айтуынша, Ата заңымызға Халық кеңесін жоғары консультативтік орган ретінде енгізу ұсынылған.
– Құрылтай мен Халық кеңесінің жұмысы мазмұндық жақтан үндесіп, бір-бірін толықтырып отырады. Осылайша, «халық үніне құлақ асатын» қағидасын жүзеге асыра аламыз. Осы орайда, Құрылтай мен Халық кеңесіне қатысты нормаларды бекіту және екі органға да заң шығару бастамасы құқығын беру уақыт талабынан туындаған, жан-жақты сараланған байлам. Құрылтай мен Халық кеңесі шын мәнінде халық пен мемлекет арасындағы байланысты күшейте түседі, – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.