Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент: «Таза Қазақстан» қозғалысын ұлттық идея және мемлекеттік саясат ретінде кеңінен дәріптеп, жалғастыру қажет
104
оқылды

Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру – өте маңызды құндылық,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бүгінде еріктілер елді мекендерді көркейтуге белсене атсалысып жүр. Олар былтырдың өзінде «Таза Қазақстан» аясында өткен 1 300-ден астам іс-шараға қатысты. Сондай-ақ волонтерлер ағартушылық сипаттағы түрлі бастамаға ұйытқы болды. 

Осындай игі істер арқылы елімізде жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты күшейте түсу керек, себебі экологиялық мәдениеттің жоғары болуы кез келген елдің озықтығы мен жасампаздығының айқын көрінісі. 

Ал Қазақстан ең дамыған елдердің қатарында болуы қажет, бұл – біздің ұлттық стратегиямыздың аса маңызды бөлігі. Әсіресе, кәсіби эковолонтерлерді даярлап, әр аймақта тұрақты ұжымдарды жасақтау өте маңызды. «Таза Қазақстан» қозғалысын ұлттық идея және мемлекеттік саясат ретінде міндетті түрде кеңінен дәріптеп, жалғастыру қажет»,  деді Президент.