Қазгидромет 31 қаңтарда ауа райына байланысты еліміздің 16 өңірінде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман болады. Таулы өңірлерде жауын-шашын мол түсуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғып, таулы аймақтарда секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы таулы өңірлерде 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысының батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батыс пен оңтүстікте екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғып, түнде облыстың солтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде таңертең және күндіз аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында және шығысында тұман түседі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында тұман түседі. Алакөл көлдері маңында жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с, кей уақыттарда 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.