Елбасы үндеуіне қолдау
Елбасы үндеуіне қолдау
© Сурет ғаламтордан
300
оқылды
Елбасы, "Nur Оtan" партиясы Төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуіне алғаш болып Шымкенттік Nur Оtanдықтар қолдау білдірді. Қалалық партия филиалында өткен баспасөз конференциясында "Nur Оtan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов Үндеуге қолдау білдіріліп, COVID-2019 инфекциясының кең көлемде таралуына жол бермеу, вирустан қорғану мақсатында атқарылып отырған жұмыстарға бір кісідей атсалысуға шақырды.
- Елбасының бүгінгі әлемдік пандемияға байланысты үндеуі өте маңызды. Елімізде қауіпті дертке төтенше жағдайдың жариялануы маңызды қадам болды. Қазіргі таңда азық түлік пен қажет тауарлар, медициналық заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Сын сағатта Елбасымыз, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет тарапынан атқарылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырып, жанашыр азаматтардың бір кісідей жұмылғанына алғысымды білдіремін, - деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Партия белсенділері, "Береке" корпорациясының негізін қалаушы Рәшкүл Оспанәлиева, «Банұр-1» ЖШС бас директоры Нұрпейіс Анарбеков және "Арт Құрылыс" ЖШС директоры Әнуар Төлендиев «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қорына әрқайсысы 5 миллион теңгеден қаражат аударды. Бастаманы жоғары оқу орындары да қолдап, «SILKWAY» университеті 3,5 миллион теңге аударса, М.Ауэзов атындағы ОҚМУ-ы 10 миллион қаражат құйып үлес қосты. Партиялықтар қала тұрғындарын Елбасы Үндеуін қолдауға және басқа кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырды. Жиналған қаржы көмекке мұқтаж жандар мен санитарлық қорғану жиынтықтарына жұмсалады Н. Назарбек, Шымкент қаласы.