Қ. Тоқаев: Ғылымға, оның ішінде медицинаға көңіл бөлуіміз керек
Қ. Тоқаев: Ғылымға, оның ішінде медицинаға көңіл бөлуіміз керек
© Сурет ғаламтордан
244
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды. Онда ол індеттің алдын алу шараларымен танысып, кезек күттірмейтін маңызды мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ ғылым мен медицинаны дамытуға күш салу керегін атап өтті.
"Қазіргі жағдайда дәрігерлер тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Үн-түн демей белсенді түрде өз жұмысын атқарып отыр. Біз оларға алғысымызды білдіреміз. Ең бастысы коронавирус деген ол уақытша. Б.гін бар, ертең жоқ өтпелі нәрсе. Бірақ біз тиісті сабақ алуымыз керек. Кейін осы медицина саласына көбірек көңіл бөлуіміз керек. Яғни, санитарлық-эпидемиялық қызметке тиісті көңіл бөлуіміз керек, ең алдымен. Содан кейін медицина ғылымына көңіл бөлуіміз керек. Қазіргіжағдайда адамзаттың тағдыры ғалымдардың қолында. Сондықтан біз келешекте біз ғылымға көбірек көңіл бөлуіміз керек", – деді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=TOpQzPJPbAs Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22, Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1.