22 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарының Нұр-Сұлтанға кіруі мен қаладан шығуына тыйым салынады
22 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарының Нұр-Сұлтанға кіруі мен қаладан шығуына тыйым салынады
© Сурет ғаламтордан
229
оқылды
Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 18 наурыздағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарына осы жылдың 22 наурызында сағат 00:00-ден бастап шаҺарға кіруіне тыйым салынады. Осы ретте 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласына келетін де, қаладан шығатын да пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылып отыр. Тек транзиттік пойыздарға қалаға кіруге рұқсат беріледі. Алайда олар вокзалдарда тоқтай алмайды. Сонымен қатар, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ каратин кезіндегі жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне мынадай өзгерістерді енгізді: 1. Пойыздардың 44 жұбының қатынауына жол берілмейді (№1 қосымша) 2. Нұр-Сұлтан және Алматы станциялары бойынша тұрақтың күші жойыла отырып, транзиттік пойыздардың 7 жұбының қатынауы сақталуда (№2 қосымша) 3. Пойыздардың 12 жұбының, оның ішінде жеке тасымалдаушыларға қарасты бағдарлардың қатынауы қысқартылды (№3 қосымша). Пойыздардың қозғалыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Компанияның «railways.kz» сайтында білуге болады. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне енген өзгерістер туралы халықты барынша хабардар ету және жедел ақпараттандыру мақсатында мынадай мазмұндағы СМС-хабарлманы тарату қажет: ««Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында каратиннің енгізілуіне байланысты аталмыш кезеңдегі жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді. «Карантин кезеңіндегі жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне енгізілген кейбір өзгерістер туралы» толық ақпаратты «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ «railways.kz» сайтында табуға болады».