Топтық кезеңде әр команда алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда.
Футбол: Қазақстан құрамасы С лигасының 3-тобында ойнайды
Фото: Olympic.kz
148
оқылды

Брюссельде өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында С лигасының 3-тобында өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Футбол федерациясы мәліметінше, қарсыластарымыз: Словакия , Фарер аралдары, Молдова.

Топтық кезеңде әр команда алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда. Ойындар 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, қыркүйек, қазан және қараша айларындағы халықаралық терезелерде өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.