Төрт шаңғышымыз Олимпиаданың жекелей сайысында сынға түсті.
Қысқы Олимпия ойындары аясында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарлама өтеді
Фото: gov.kz
251
оқылды

Бүгін қысқы Олимпия ойындары аясында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарлама өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз Михаил Шайдоров 5-орында тұр. Алда – шешуші сайыс.

Кеше Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада шаңғыдан жекелей сайыс бойынша әйелдер арасында жүлде сарапқа салынды. Қазақстан атынан ең жоғары көрсеткішті Надежда Степашкина тіркеді.

10 шақырым. Жүлдегерлер:

1-орын. Фрида Карлссон (Щвеция) – 22:49.2
2-орын. Эбба Андерссон (Швеция) – 23:35.8
3-орын. Джессика Диггинс (АҚШ) – 23:38.9
63-орын. Надежда Степашкина – 26:42.6
71-орын. Ксения Шалыгина – 27:19.8
75-орын. Дарья Ряжко – 27:42.6
81-орын. Анна Мельник – 28:28.2

Енді ертең ерлер жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, шаңғы спортынан Владимир Смирнов тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы саналады. Ол 1994 жылы Лиллехамерде (Норвегия) топ жарған еді.