Атырау облысы да елбасы үндеуін қолдады
Атырау облысы да елбасы үндеуін қолдады
© Сурет ғаламтордан
306
оқылды
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов елбасы үндеуін қолдауға шақырды. Өзінің бұл тілегін әкім Facebook-тегі парақшасында жариялаған болатын. "Құрметті жерлестер! Кеше Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге үндеу жасады. Күрделі кезеңнен ынтымақтаса отырып шығуға шақырды. Осындай сәтте қол ұшын созғысы келетіндер үшін республикалық қор құруды ұсынды. Меніңше, бұл тұтас елді жұмылдыруға да өз пайдасын тигізеді. Атыраулық ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің белсенділік танытып, қолдап жатқаны үшін алғысымды білдіремін. Мен де облысымыздың мемлекеттік қызметкерлерін аталған қорға бір күндік жалақысын аударуға шақырамын.
Бұл күндерді де көп болып, ел болып еңсерерімізге сенемін. Халқымыз талай тағдырлы сәттерден бірлігі мен берекесінің арқасында сүрінбей өтіп, дамудың жаңа даңғылына түсіп отырғанын білеміз", – деп жазды ол.