Сағынтаев: Алматыда тапшылық болмайды
Сағынтаев: Алматыда тапшылық болмайды
© Сурет Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен
267
оқылды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала шетіндегі блок бекеттердің жұмысымен танысты. Ол қалаға азық-түлік жеткізілу мәселесін қадағалап, маңызды тапсырмалар берді. Бүгінгі атқарылған шаруалар туралы әкім өзінің instagram-дағы парақшасында жазды. [caption id="attachment_29939" align="alignnone" width="1280"]Алматыда азық тапшы болмайды © Сурет Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]
"Бүгін «Барлық» пен «Алтын Орда» базарлары жанында орналасқан Райымбек даңғылы бойындағы блок-бекеттің жұмысымен таныстым. 22 наурыздың түнінен бастап қалаға кіру мен шығу толығымен шектеледі. Кезекшіліктегі барлық қызметтер, соның ішінде әскери қызметкерлер, дәрігерлер, санэпидемиологтар мен полицейлер барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Ауру белгілері бар адамдарды анықтайтын мобильді оқшаулағыш орнатылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қалаға айналма жол арқылы кіріп-шығуға тырысқандардың әрекеті заңсыз екенін айтқым келеді. Қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеңіздер. Полицияға қаланың барлық периметрі бойынша бақылауды күшейту тапсырылды. Азық-түлікті блок-бекет арқылы жеткізу мәселесі тұрақталды. Жүк көліктерінің кіруі үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырылды. Тұрақтандыру қорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамсыз ету үшін қала бюджетінен қосымша 5 млрд. теңге бөлінді. Тапшылық болмайды", – деп жазды ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

22.03.2020 Бүгін «Барлық» пен «Алтын Орда» базарлары жанында орналасқан Райымбек даңғылы бойындағы блок-бекеттің жұмысымен таныстым. 22 наурыздың түнінен бастап қалаға кіру мен шығу толығымен шектеледі. Кезекшіліктегі барлық қызметтер, соның ішінде әскери қызметкерлер, дәрігерлер, санэпидемиологтар мен полицейлер барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Ауру белгілері бар адамдарды анықтайтын мобильді оқшаулағыш орнатылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қалаға айналма жол арқылы кіріп-шығуға тырысқандардың әрекеті заңсыз екенін айтқым келеді. Қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеңіздер. Полицияға қаланың барлық периметрі бойынша бақылауды күшейту тапсырылды. Азық-түлікті блок-бекет арқылы жеткізу мәселесі тұрақталды. Жүк көліктерінің кіруі үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырылды. Тұрақтандыру қорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамсыз ету үшін қала бюджетінен қосымша 5 млрд. теңге бөлінді. Тапшылық болмайды. —— Сегодня ознакомился с ситуацией на блокпосту по пр. Райымбека, возле рынков «Барлык» и «Алтын Орда». С полуночи 22 марта въезд и выезд из города блокированы полностью. Все службы, несущие дежурство, в том числе военные, медики, санэпидемиологи и полицейские оснащены всем необходимым. Развернут мобильный изолятор для людей с признаками заболевания. Ведется разъяснительная работа. Обращаю внимание всех, кто пытается окольными путями войти в город или покинуть его — такие действия незаконны. Не способствуйте распространению опасной инфекции. Полиции поручено усилить контроль по всему периметру города. Ситуация с поставкой продовольствия через блокпосты стабилизирована. Для въезда грузовиков организован «зеленый коридор». Из городского бюджета дополнительно выделено 5 млрд тенге для пополнения стабфонда социально значимыми продовольственными товарами. Дефицита не допустим.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Соңғы мәліметтерге сәйкес,  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, жалпы 57 науқас тіркелді.