Алматыдағы науқастың кім екені айтылды
Алматыдағы науқастың кім екені айтылды
© Сурет ғаламтордан
5,207
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда коронавирус жұқтырған науқасқа байланыс не белгілі екенін айтып берді.
"Ол - 1992 жылы туған қыз. Науқас 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Қазір стационарға карантинге жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.  
Еске салайық, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 57-ге жетті. Тағы бір науқас Алматыда тіркелген. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында - 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 57 науқас анықталған.