Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айтты
© сурет интернеттен алынды
377
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды. «Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза тапқандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін», – делінген жеделхатта.