АҚШ-тың Чикаго қаласындағы The BeaconTap мейрамханасы елдегі әжетхана қағазының жетіспеушілігін пайдаланып, табысын еселеп алды. Егер тамаққа тапсырыс берсе, сыйлыққа ізгі тілек жазылған әжетхана қағазы беріледі. Тек тапсырыс 25 доллардан кем болмауы керек. Идея негізі мейрамхана менеджерінің бірінікі. Оны ұнатқан дәмхананың иесі Шон Окерлунд бірден әжетхана қағазын жеткізушіге хабарласып, үлкен тапсырыс берген. Сөйтіп, бұл акция жайында хабарламаны мейрамхананың Facebook парақшасына жариялаған. – Қазір коронавирус деп елдің бәрін үйрей басқан. Діттеген мақсатымыз – осыны сейілтіп, адам көңілін аулау үшін жасадық, – дейді Шон Окерлунд.