«Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
«Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
© қордың баспасөз қызметі
355
оқылды
Жалпы дауыс беру арқылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды. 2018 жылғы мамырда қабылданған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қордың директорлар кеңесінің құрамынан кетті.  width= «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес қордың директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлардың арасынан көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Бұл жаңашылдықтар 2018 жылдың сәуірінде Елбасы мақұлдаған қордың жаңа даму стратегиясына, сондай-ақ реттеуші функцияларынан меншік иесі ретінде мемлекеттің функцияларын нақты бөлуді көздейтін мемлекет қатысатын компаниялар үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. [caption id="attachment_3026" align="alignnone" width="1024"] width= © қордың баспасөз қызметі[/caption] Биылғы 1 қаңтарынан бастап қордың директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз директорлар: Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов және қор төрағасы Ахметжан Есімов. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болған.