Қытайда емі жоқ хантавирустан бір адам қайтыс болды
Қытайда емі жоқ хантавирустан бір адам қайтыс болды
© pixabay.com
5,324
оқылды
Қытайда хантавирустан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлады  Global Times. Юньнань провинциясының тұрғыны чартерлік автобуспен көрші провинцияға бара жатқан. Ол кенеттен қайтыс болғаннан кейін дәрігерлер тез арада диагноз қойған, одан белгілі хантавирустан шығатын кардиопульмональді синдром анықталған. Автобуста болған барлық 32 адам карантинге жатқызылды. Әзірге олардың арасында вирус жұқтырғандар туралы мәлімет жоқ.
Хантавирустық кардиопульмональды синдром - ауыр респираторлық ауру саналады. Вирус кеміргіштерден таралады, олардың зәрінде қалып, ауамен беріледі.
АҚШ-тың жұқпалы ауруларды бақылау орталығының мәліметтері бойынша, бұл вирусты жұқтыру қаупі тіпті дені сау адам үшін де өте жоғары. Хантавирус симптомдары көптеген респираторлық аурудың белгілеріне ұқсас. Бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорытуда қиындық, құсу байқалады. Хантавирусты емдейтін вакцина әлі жоқ.