Қазақстанда медициналық бетпердені экспорттауға тыйым салынды
Қазақстанда медициналық бетпердені экспорттауға тыйым салынды
© inform.kz
5,311
оқылды
Қазақстанда медициналық бетпердені экспорттауға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Осы жерде біз бетперде өндірушілері мен дистрибьютерлердің әдепке сай емес мінез-құлқын атап өткіміз келеді: олар қорларын Қытайға сатқан, осыған байланысты Үкімет экспортқа тыйым салған. Отандық өндірушілер халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отырғандығына байланысты, шетел өндірушілерінен бетперде сатып алу қарастырылуда», - дейді Д.Ахметшәріп. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ болмаса бетперде киюдің қажеті жоқ екенін атап айтты. «Егер деніңіз сау болса, бетперде киюдің қажеттілігі жоқ екенін тағы бір мәрте естеріңізге саламыз», - дейді ол.