Ұлы Қытай қорғаны келушілерге есігін қайта ашты
Ұлы Қытай қорғаны келушілерге есігін қайта ашты
© 24.kz
728
оқылды
Ұлы Қытай қорғаны келушілерге есігін қайта ашты, - деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус кесірінен екі айға жабылған қорғанның қазір бір бөлігі ғана ашық. Дегенмен, келушілердің қуанышында шек жоқ. Себебі, індеттің өршуіне байланысты олар ұзақ уақыт бойы үйде қалуға мәжбүр болған еді. Ал Ұлы қорғанның ашылуы азаматтардың сыртқа шығуына таптырмас мүмкіндік. Десе де, қорған келушілер үшін есігін айқара ашқанымен, шектеулер де жоқ емес. Мәселен, бұл жерге күніне 20 адам ғана кіре алады. Бұған қоса, олардың бәрі қорған аумағына кіру үшін Бейжіңде соңғы 2 апта ішінде болғандарын арнайы QR-код арқылы дәлелдеулері керек.