1 айда 400 мыңнан астам қазақстандық шетел асқан
1 айда 400 мыңнан астам қазақстандық шетел асқан
329
оқылды
Соңғы бір айда 400 мыңнан астам қазақстандық шетелге шыққан. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломаты Айбек Смадияров өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды. « 27 ақпаннан бастап Төтенше жағдай енгізілгенге дейін еліміздің 400 мыңнан астам тұрғыны Сыртқы істер министрлігінің шетелге бармау туралы ескертуіне қарамастан, шекара асып келген» деп жазды. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус дерті ең алдымен Германияға барып келген азаматтардан расталды. Кейін шетелге барып келген басқа азаматтарымыздан да қатерлі дерт тіркеле бастады. Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанның 80 азаматынан coved-19 дерті расталды. Оның екеуі аурудан айықты.