Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды
Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды
341
оқылды
Гүлжан Мамытқызы Құрманбекова Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Гүлжан Құрманбекова 1965 жылы 25 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы халық шаруашылық институтын бітірді. Еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар автокөлігі мекемесінің кассирі болып бастаған. 1987 ­– 1992 жылдары Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің инспекторы, тексеруші –инспекторы, аға экономисті қызметтерін атқарған. 1992 – 2004 жылдары ОҚО қалалық қаржы бөлімінің аға тексеруші-инспекторы, бас экономист, бас маман-бас экономисті. 2004 – 2005 жылдары – ОҚО білім департаментінің бас маманы, Шымкент қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2007 – 2010 жылдары – Шымкент қаласының қаржы бөлімінің бастығы. 2010 – 2012 жылдары – Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.